top of page

ҚР Балық шаруашылығы әлеміне шолу

Атырау облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Қадымов ortcom.kz сайтына берген сұхбатында үстіміздегі жылы облыстағы балық аулау кәсіпорындары 180 млн теңгені игеретіндігін айтты.«Облыстағы балық аулау шаруашылықтары үлкен әлеуметтік-экономикалық мәнге ие. Өздеріңіз білесіздер, Каспий теңізі, Орал мен Қиғаш өзендері еліміздегі балық ауланатын негізгі су көздері болып табылады. Атырау облысында балық өнімдерінің жартысынан астамы өндіріледі.

Бакуде Каспий маңы елдері балық аулау квотасын игеру мәселесін талқылайды!

БАКУ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Бакуде 24-25 сәуірде Әзірбайжанның төрағалығымен Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссияның 33-ші отырысы өтеді.Бұл туралы бүгін Әзірбайжан экология және табиғат ресурстары министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ирада Ибрагимова хабарлады.

Кедендік одақ еліміздің балық экспортының әлеуетін арттыра түседі - Ю. Ромашов

АСТАНА. Сәуірдің 6-cы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан, Ресей мен Беларус елдері арасындағы Кедендік одақ еліміздің балық және балық өнімдері экспортының әлеуетін арттыра түседі. Бұл бағытта тиімді шаралар қамтылып отыр. Бүгін балық шаруашылығы саласындағы қайта өңдеу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиыны барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Юрий Ромашов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚостҚ                                                                            Қостанай облысы 2013-2014

  • Twitter Long Shadow
  • Twitter Clean
  • w-facebook
bottom of page