
Балық шаруашылығы


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Өте қымбат балықтардың бірі.

Батыс Қазақстан облысы жобаларды іске қосу үстінде

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
ҚР қызыл кітабына тіркелген балықтардың сирек түрлері
Бекіре тәрізділер (лат. Acіpenserіformes)
— сүйекті балықтардың шеміршекті-сүйекті балықтар класс тармағына жататын отряды. Бекіре тәрізділер — мезозой эрасының юра кезеңінде пайда болған балықтардың ежелгі тобы. Олардың 2 тұқымдасы (бекірелер, ескектұмсықтылар), 4 туысы, 25 түрі (оның ішінде Сырдария тасбекіресі, Арал бекіресі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген) бар. Бекіре тәрізділер Солтүстік Американың Миссисипи, Мисcури өзендерінде, Еуропаның Азов, Қара,Каспий, Балтық теңіздерінің алаптарында, Азияның солтүстік бөлігінде, ал Қазақстанда Каспий, Арал, Балқаш алаптарында,Ертіс өзенінде таралған. Бекіре тәрізділердің кейбір белгілері (тұмсығы, су шашқыш саңлауы, тоқ ішегіндегі иір қатпарлар, үстіңгі құйрық қанаттары, т.б.) шеміршекті балықтарға ұқсас, денесінде ұзына бойы орналасқан 5 қатар мүйізді шытырасы, тұмсығының астында көлденеңінен орналасқан 4 мұртшасы болады. Бекіре тәрізділердің денесі ұршық пішінді, кейбірі арқасынан құрсағына қарай жалпақтау, денесінің ұзындығы 27 см-ден 7 — 9 м-ге, салмағы 2 кг-нан 1 — 2 тоннаға (қортпаларда) дейін жетеді. Олар тұщы суда, ал кей түрі теңіздің ащы суында тіршілік етеді. Уылдырығын өзеннің тасты, құмды жеріне шашып, теңізге қайтып оралады. Торсылдағы жақсы жетілген, желбезек қақпағы бар, сырттай ұрықтанады. Бекіре тәрізділер шаян тәрізділермен, моллюскілермен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Бекіре тәрізділер — өте бағалы балық болғандықтан, кәсіптік маңызы зор. Олар дәмді еті мен уылдырығы үшін ауланады. Батыс Қазақстанда, Жайықтың бойындабекіре балықтарының шабағын өсіретін екі зауыт бар.


Қаяздар-
Қазақстанда саны тез азайып келе жатқан түрше. Арал су алқабында және Шу өзенінде тіршілік етеді. Шу өзенінде 1980 жылдардың аяғында жойылып біткен болу керек. Республикамызда бұрын да көп болмайтын, тек әуесқойлықпен ауланайтын. Шардара су қоймасында қосалқы түр ретінде ауланған. Арал қаязына қарағанда майда, тұщы судың кадімгі жергілікті балығы. Ұзындығы 70 см, салмағы 5,3 кг дейін. Қолдан өсірілмеген. Табиғи көбейетін жерлерін, басқа түрлермен (арал қаязы, қарабалық) будандасу шектерін зерттеу керек.

Арал албырты(Salmo trutta aralensіs)
– албырт тұқымдасына жататын жыртқыш балық. Арал теңізінде тіршілік еткен. Соңғы 30 – 40 жылда ол туралы ешқандайдерек кездеспейді, жойылып кетуі де мүмкін. Дене тұрқы 100 см, салмағы 13 – 14 кг. Денесі жұмыр, арқасы қара қоңыр, күмістей аппақ бүйірінде х тәрізді қара дақтарыбар, май қанаты бауырында орналасқан. Жақтары мен ауыз қуысында майда тістері болады. Осы белгілері Арал албыртын Арал суындағы басқа түрлерден ерекшелендіреді. Арал албырты – өткінші балық. Уылдырығын қараша – желтоқсан айларында Әмударияға шашады. Майшабақтары теңізге шыққанша 2 жылдай өзендерде тіршілік етеді.Бұрын Арал теңізінде бірен-саран ауланатын, Әмударияда да кездесетін, осы өзенмен Кафирниган және Вахш салаларына дейін өрістейтін. Осы маңайда Әмудария бахтағымен будандасуы мүмкін болатын. Қолдан өсірілмеген, бұл түрдің қалпына қайта келуін Әмудариядағы жергілікті бахтахты пайдаланып іске асыру мүмкін сияқты, бірақ оның да әуесқойлық аулануын шектеу қажет.